You are here

Жаңалықтар

Минздрав утвердил обновленные санитарные правила к объектам образования
29.08.2017 г.

Денсаулық сақтау министрлігі білім беру объектілеріне қойылатын жаңартылған санитариялық қағидаларды бекітті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»  санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Жобаның жаңа редакциясында бизнес үшін кедергі болатын нормалардың шамамен 44,6 %-ы алып тасталды, сондай-ақ басқа нормативтік құқықтық актілерді қайталайтын талаптар қысқартылды.

Бұл перспективті ас мәзірін келісу; әкелінетін сумен жабдықтау және су құятын қол жуғыштарды орнату; жекеменшік қазандықтан ыстық сумен жабдықтау; автокөлікке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру; контейнерлер орнату және т.б. талаптары.  

Оның ішінде құрылыс нормалары мен қағидаларын қайталайтын аумақты аймаққа бөлуге, аз қозғалатын топтардың қолжетімділігіне, үй-жайлар жиыны мен ауданына, қол жуғыштардың жоғарғы бетін орнату биіктігіне, табиғи жарығы жоқ үй-жайлар тізбесіне, жатын корпустар мен жатақханалардағы қосалқы және санитариялық-тұрмыстық үй-жайларға, ТжКБ және ЖОО жатақханаларының асүйлерін жабдықтауға қойылатын талаптар алып тасталды.  

Сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер жобаларының негізгі кезеңдерінің бірі мектептер мен бала бақшаларда газдалған, тәтті алкогольсіз сусындарды, фаст-фудты, чипсілер мен басқаларын сатуға тыйым салу туралы талаптар болып табылады.

Осы санитариялық қағидалар мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

Жоба алдын ала бизнес қоғамдастықпен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, үкіметтік емес ұйымдармен талқыланды, сондай-ақ  көпшілік талқылау үшін Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында www.mz.gov.kz. және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланды.

 


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы