You are here

Жаңалықтар

Эпидемиологическую ситуацию по вакциноуправляемым инфекциям обсудили в Комитете охраны общественного здоровья МЗ РК
06.10.2017 г.

Вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдайды ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде телқылады

Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің қатысуымен барысында Қазақстан Республикасында вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы мәселелер, елдегі вакциналық профилактика, сондай-ақ тұрғындар арасында вакцинациядан бас тарту санының ұлғаю проблемалары талқыланған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрілігінің, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының, «Инфекционист дәрігерлердің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының, сондай-ақ ҚР ДІАҚМ Дін істері комитетінің өкілдері қатысты.

Иммундық-профилактика профилактикалық денсаулық сақтаудың басым  және аса тиімді бағыттарының бірі болып табылады.

«Қазақстанда иммундық-профилактика профилактикалық денсаулық сақтаудың басым  бағыттарының бірі болып табылатынын және республикада вакцинациялау нәтижесінде инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық саламаттылыққа қол жеткізілген. Бірақ, өкінішке орай, соңғы бірнеше жыл ағымында вакцинациядан бас тартушылардың санының өсуі, осыған орай, инфекциялардың өршуінің тіркелуіне алып келуі мүмкін иммундалмаған тұрғындардың өсуі байқалады», - деді Жандарбек Бекшин.

«Соңғы 20 жылда қызамықпен сырқаттанудың 2540 еседен артық; эпидемиялық паротиттің - 310 еседен артық; «В» вирустық гепатиті 54 есе, ал осы  инфекцияға қарсы иммундалған балалар арасында 112 есе (ВВГ-не қарсы вакцинациялау 1998 жылдан бастап енгізілген) төмендегені байқалады, сондай-ақ көкжөтелмен сырқаттанудың тұрақты төменгі деңгейі ұсталуда, дифтерия мен сіреспенің бірлі-жарым жағдайлары кездеседі», - түсіндірді Қожапова Роза, ҚР ДСМ ҚДСК Эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы.

Біздің еліміздің егулер күнтізбесі ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес келеді және көптеген дамыған елдердің: Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапонияның иммундау кестелеріне ұқсас.  Балаларды сапасына кепілдік берілген вакциналармен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірісін ДДҰ сертификаттаған вакциналарды сатып алады. 2013 жылдан бастап еліміз бүтін жасушалы көкжөтел компоненті бар адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе (бұдан әрі – АКДС) вакцинасын қолданудан жасушасыз көкжөтел компоненті бар вакцинаға көшті, оларды пайдаланған кезде вакцинадан кейінгі реакциялар мен асқынулардың даму жиілігі мен қаупі төмендейді. Бұл ретте ауыз арқылы қабылданатын полиомиелит вакцинасы белсенділігі жойылған полиомиелит вакцинасына ауыстырылды. Сонымен қатар, иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністердің дамуын азайту үшін балаларға арналған көп дозалы вакцина көп дозалы орамдағы вакцинаға ауыстырылды.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар тұрғындар арасында профилактикалық егулерден бас тарту санын төмендету мақсатында иммунопрофилактика мәселелері бойынша барлық мамандықтарды дәрігерлер, фельдшерлер, мейірбикелердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларына қосымша сағаттарды қосу, оның ішінде медициналық орта және жоғары білім беру ұйымдарында барлық профильдегі мамандарды оқыту бағдарламасында иммунопрофилактика бойынша сағаттарды ұлғайту туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестелердің вакцинациясы бойынша болашақ аналар арасында жүктілік бойынша олардың бақылануы кезінде, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажжеттілігі туралы ұсыныстар берді.


Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы